×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Досаевтың достығы, Қырықбаевтың қолдауы: Боқаев сайлаудағы тағы бір қитұрқылықты ашты

27.03.2023, 12:41
Досаевтың достығы, Қырықбаевтың қолдауы: Боқаев сайлаудағы тағы бір қитұрқылықты ашты
Коллаж: Ulysmedia.kz

Кәсіпкер және қоғам қайраткері Санжар Боқаев №4 округ бойынша сайлауда қарсыласы Ерлан Стамбеков емес, өзі жеңіске жеткеніне сенімді. Бұған дәлел ретінде ол дауыс беру хаттамаларындағы бұзушылықтарды көрсетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әлеуметтік желілерде Боқаев хаттамалардағы бұрмаланулар әлі де анықталып жатқанын мәлімдеді. Бұл ретте ол ұйымның өтініші бойынша хаттамаларды ЕҚЫҰ кеңсесіне электронды түрде жібергенін айтты.

"Қоғамның ренжулі екенін көріп отырмын. Сайлауды мұндай деңгейде ұйымдастыру Тоқаевтың беделін төмендетті. Сондай-ақ, менің қарсыласым Алматы әкімі Ерболат Досаевтың досы екенін атап өткім келеді. Шектен шыққан істердің бәрін оның орынбасары Арман Қырықбаев үйлестірді. Менің ойымша, олар орталықтан тапсырмасын орындады немесе өздері асыра сілтеп, бүкіл сайлау процесін кері кетірді", - деп жазды Боқаев.

Видеода ол әртүрлі учаскелердегі хаттамаларды көрсеткен. Мысалы, бұған дейін Стамбеков хаттамаға сәйкес №325 учаскеде 49 дауыс жинағанын, ал Боқаевқа небары 19 адам дауыс бергенін мәлімдеген. 

Санжар Боқаев дәл сол хаттаманы өз видеосында көрсетіп, қарсыласының қитұрқылығын әшкереледі.

"Иә, мен 19 дауыс жинадым. Бірақ Стамбеков 9 ұпай жинады! Үміткерлерден оның пайдасына дауыс ұрланды", - дейді қоғам қайраткері.

Ол бірнеше хаттамаларды көрсетіп, әрі қарай да сайлаудың былықтарын ашуды тоқтатпайтынын айтты.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Санжар Боқаевбарлық хаттамаларды жинап, сотқа беретінін мәлімдеген.

Сондай-ақ, тәуелсіз кандидаттар сайлау қорытындысын мойындамайтындарын мәлімдеп, Тоқаевқа жүгінді.