×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

«Саясиландырудың қажеті жоқ»: Қошанов Тоқаевтың 9 мамырдағы Мәскеуге сапары жайлы

10.05.2023, 11:54
«Саясиландырудың қажеті жоқ»: Қошанов Тоқаевтың 9 мамырдағы Мәскеуге сапары жайлы
Фото: Ашық дереккөзден

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев не себепті 9 мамыр – Жеңіс күнінде Мәскеуге барды? Бұл сұрақты бүгін журналистер мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановқа қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Журналистер президенттің бұл әрекетін «агрессор мемлекетті қолдау деген пікір бар, соған не айтасыз?» деп сұраған. Қошанов Тоқаевтың бұл сапарын өте дұрыс сапар деп есептейтінін айтты. Оның сөзінше, «Ұлы Отан соғысы да, Ұлы Жеңіс те сол кездегі халықтың ортақ тарихы».

«Бауырлас мемлекеттердің басшыларының бәрі кеше сол жақта болды. Бұл – біздің соғыста шейіт болған, қайтыс болған ата-бабаларымыз, әке-аталарымызға арналған құрмет деп ойлаймын. Бұл мәселені саясиландырудың қажеті жоқ деп есептеймін», - деді Қошанов.

Мәжіліс спикерінің сөзінше, соғыс кезінде Қазақстанның өзінен 1,2 млн адам майданға аттанып, жартысы оралмаған. Қошановтың айтуынша, оның көбі Ресей жерінде жатыр.

«Олардың іздеушісі, жоқтаушысы болуы керек пе, әлде болмауы керек пе? Болуы керек. Ол - қазақ халқы, ол біздің президентіміз. Президенттің сапарын зерделеп, назар аударып отырған болсаңыз, президент алдымен Астанадағы Отан қорғаушылар мемориалына барып гүл шоқтарын қойды. Осындағы қайтыс болған Отан қорғаушыларға тағзым етті, зиярат жасады. Екіншіден, ардагерлерімізге Халық қаһарманы атағын берді. Содан кейін Ржев қаласында болды. Онда болған 22 мың қазақстандық, қазақ азаматтары шайқаста қаза болған. Аты-жөндері тасқа қашалып жазған. Олардың бәріне зиярат жасау үшін президент сонда барды», - деді Қошанов.

Оның сөзіне қарағанда, «ол жерде президенттің өзінің әкесінің ағасы Қасым деген қазақстандық жауынгер жатыр».

«Сондықтан, президент сапарында өзінің азаматтық борышын, перзенттік және президенттік борышын атқарып келді деп ойлаймын», - деп түйді сөзін Ерлан Қошанов.

Еске сала кетсек, кеше Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған шеруге қатысты. Астана уақытымен сағат 13:00-де Мәскеуде Жеңіс күніне арналған әскери шеру басталды. Ол Қызыл алаңда өтіп жатыр.

Шерудің басынан түсірілген кадрларды Кремльдің баспасөз қызметі жариялады. Олнда Ресей президенті Владимир Путин шетелдік қонақтармен бірге көрсетілген. Олардың қатарында Қасым-Жомарт Тоқаев, Эмомали Рахмон, Александр Лукашенко, Садыр Жапаров, Шавкат Мирзиёев және Никол Пашинян болды.