×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Қазақстанның ең бай бизнесмендерінің тізімі жаңа есіммен толықты

11.05.2023, 11:39
Қазақстанның ең бай бизнесмендерінің тізімі жаңа есіммен толықты
ашық дереккөзден

Қазақстандық кәсіпкерлердің жалпы байлығы 2023 жылы 23,9 млрд долларды құрады. Forbes есебінше, кәсіпкерлердің көпшілігі бір жыл ішінде дәулетін арттырған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

2022 жылы тізімге енгендердің дәулеті 25,3 миллиард долларға бағаланды. Өткен жылы рейтингте 5-орында тұрған Kaspi.kz АҚ акционері Михаил Ломтадзе биылғы тізімде жоқ болып шықты. Өйткені америкалық Forbes кәсіпкерді Грузия байларының қатарына қосқан.

Өткен жылы Қазақстан азаматы атанған Тимур Турлов өзінің байлығын 900 млн долларға ұлғайтты. Ол қазір тізімде бесінші орында.

Forbes тізіміндегі жаңа есім –  Orbis Kazakhstan директорлар кеңесінің төрағасы Фаррух Махмудов. Ол рейтингте 22-орында. Компания портфолиосына елдің 12 қаласында 33 АВТО орталығы бар Orbis Auto дилерлік желісі кіреді. Кәсіпкер сондай-ақ "АқсайГазСервис" АҚ-қа иелік етеді.

Биыл Кеңес Рақышевтің дәулеті біршама ортайған. Кәсіпкер қазақстандық нысандардағы үлесін қысқартты. Оның БТА Банкі ресейлік активтердің бір бөлігін сатып, шығынға ұшырады. Нәтижесінде ол рейтингтің 15-ші орнына жайғасты.

Құлыбаевтар жұбы бір жыл ішінде өзінің байлығын 800 млн долларға арттырды. Олар екінші және үшінші орындарда қалды. 

Kaspi тобының иесі Вячеслав Кимнің байлығы 400 миллион долларға өсті. Ол рейтингтегі 4-ші орнын сақтап қалды.

Дәулеті 590 млн долларға бағаланған Дариға Назарбаева 14-ші орынға төмендеді. Ол өз иелігіндегі "DLS Group холдингтік компаниясы" ЖШС арқылы "Аймақ-Медиа" ЖШС, "A-Service Management" ЖШС (Астанадағы 4 жұлдызды "Думан" қонақ үйі) үлестерін иемденіп отыр.  Сондай-ақ, ол ұлы Нұрали Әлиевпен (рейтингтегі №29) бірге "Еуропа плюс Қазақстан" ЖШС-ға иелік етеді.

"Prime Capital Invest" ЖШС құрылтайшысы Нұрбол Назарбаев 155 млн доллар байлығымен рейтингтің 45-ші орнына түсті. Ол – "PLS инвестициялық-құрылыс компаниясы" ЖШС, "PLS-TM" ЖШС ("Алматы ауыр машина жасау зауыты"АҚ мажоритарлық акционері) тең иесі.