×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қайрат Сатыбалдының түрмеде отырып қонақ үй сатып алуы: Антикор мәлімдеме жасады

06.06.2023, 17:58
Қайрат Сатыбалдының түрмеде отырып қонақ үй сатып алуы: Антикор мәлімдеме жасады
Коллаж: Ulysmedia.kz

Антикор Қайрат Сатыбалдының қамауда отырып Алматыдағы зәулім қонақ үйді сатып алғаны жөніндегі ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Жекелеген азаматтар БАҚ және әлеуметтік желілерде «Double Tree by Hilton Almaty» қонақ үйін Қ.Сатыбалдыұлымен қоса адамдар тобының иемдену әрекеттері туралы ақпарат жариялады. Барлығына белгілі, сотталған Қ.Сатыбалдыұлы қылмыстық-атқару жүйесінің тиісті мекемесінде бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеп жатыр. Бұл ретте оған қатысты салықтарды төлемеуге және қылмыстық кірістерді заңдастыруға байланысты қылмыстардың басқа эпизодтары бойынша тергеу жалғасуда.Тергеу барысында заңсыз шығарылған активтерді, сондай-ақ қылмыстық қаражатқа сатып алынған мүлікті қайтару бойынша шаралар қабылданады”, – делінген хабарламада.

Антикор залалды өтеу мақсатында Сатыбалдыұлына тиесілі бизнес орталықтар, әкімшілік ғимараттар, коммерциялық үй-жайлар, үйлер, пәтерлер, аяқталмаған құрылыс объектілері, жер учаскелері, эксклюзивті зергерлік бұйымдар, люкс автомашиналар мен ақшалай қаражат мемлекетке берілетінін атап өтті.

“Олардың қатарына 2021 жылдың қараша айында Сатыбалдыұлымен байланысты кәсіпорын сатып алған «Double Tree by Hilton Almaty» қонақ үйі кіреді. Қазіргі уақытта осы объектіні мемлекет меншігіне қайтару аяқталуда”, – деп мәлім етті ведомстводан.

Айта кетейік, бұдан бұрын депутат Мақсат Толықбай Қайрат Сатыбалдының түрмеде отырып Алматы орталығындағы қонақ үйді өз меншігіне алғанын мәлімдеген еді.

Сондай-ақ, бұдан бұрын Сатыбалды сыбайластарымен сыртқа шығарған 464 млрд теңге елге қайтарылғаны хабарланған.