×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

"Онда барудың қажеті жоқ": Скляр Маралдыдағы "алтын дауы" жайлы

08.06.2023, 12:02
"Онда барудың қажеті жоқ": Скляр Маралдыдағы "алтын дауы" жайлы
Коллаж: Ulysmedia.kz

"Астана" халықаралық форумының кулуарында премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Маралдыдағы алтын фабрикасы төңірегіндегі дауға қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қазіргі уақытта Маралдыда барлау жұмыстары жүргізілуде, бірақ жергілікті тұрғындар фабриканың құрылысы жүріп жатқанын айтады. Роман Скляр бәрі тыңдаулар аясында өтуі керек деп жауап берді.

"Тиісті рәсімдер, қоғамдық тыңдаулар бар. Барлығы экологиялық заңнама аясында шешілетін болады", - деді Скляр.

Ол сондай-ақ министрлерге жағдайды анықтау үшін Маралдыға барудың қажеті жоқ деп санайды.

"Ол жерге барудың қажеті жоқ. Тиісті процедуралар бар. Егер талаптар негізделген болса, фабрика салынбайды. Егер негізсіз талаптар болса, онда қоғамдық тыңдаулар аясында шешім қабылданады", - деді бірінші вице-премьер.

Айта кетейік, Ulysmedia.kz Маралды мәселесін осы уақытқа дейін де бірнеше рет көтерген болатын.

Бұған дейін Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданы Маралды ауылының тұрғындары Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаевтыі келуін күтіп жүргені хабарланған. Министр жуырда алтын зауытына қарсы шыққан маралдылықтарға қарата «сәл сабыр етіңіздер, келесі аптада халықпен кездесеміз» деген. Алайда Қарабаев сол күйі төбе көрсеткен жоқ. 

Күні кеше Индустрия және инфрақұрылымдық министрі Марат Қарабаев Маралдыға ведомствоның өкілдерін «осы аптада» жіберетінін айтты.

Сондай-ақ, маралдылықтар ауылға Шығыс Қазақстан әкімі Даниал Ахметовтің келуін талап еткен. Әкім әлі барған жоқ. Ulysmedia.kz тілшісі бұған дейін осы мәселе жөнінде депутаттар не ойлайтынын біліп көрген еді.