×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Дрондар шоуы, гала-концерт, маңызды әңгімелер: Астана әкімдігі қазынаның миллиондарын қайда жұмсады

05.07.2023, 17:27
Дрондар шоуы, гала-концерт, маңызды әңгімелер: Астана әкімдігі қазынаның миллиондарын қайда жұмсады
Коллаж: Ulysmedia.kz

Астанада Елорда күніне орайластырылған дәстүрлі іс-шаралар легі басталды. Бүгін елорданың 25 жылдығына орайластырылған алғашқы шара - Астананың бауырлас қалалары форумы ашылды. Ulysmedia.kz тілшісі бұл шара  мемлекеттік қазынаға қанша шығын әкелгенін және оның қаншалықты ақталғанын анықтап көрді...

350 миллион теңге

Анықтағанымыздай, Бауырлас қалалар  форумына Астана бюджетінен 350 миллион теңге бөлінген.

Әр түрлі салалар бойынша бірнеше панельдік сессиялардан басқа, астаналықтар шетелдік әкімдер мен 17 делегация басшыларының қонақүйлерде тұруы, сәнді мейрамханаларда түскі ас ішуі, сондай-ақ бірқатар ойын-сауықтар үшін ақы төледі. Құрметті қонақтарға "Астана Опера" театрына барып, "Аида" қойылымын, "Ел жүрегі" концертін тамашалау ұсынылды. Сондай-ақ, мәртебелі меймандар  Тоқаевтың атынан Ritz-Carlton-да  гала-кешкі асына және дрондардың жарық-иллюминациялық шоуына шақырылды. 

Алайда, түскі астан кейін әкімшілік президентпен гала-кешкі ас пен концерттің тоқтатылатынын хабарлады. Бағдарламаның бұл бөлігі үшін бөлінген қаражат бюджетке қайтарыла ма. жоқ па –  белгісіз.

Жеңіс Қасымбектің қашуы

Астана күніне арналған форумға біздің шенеуніктер де қатысты. Олардың бірі, әрине, елорда әкімі Жеңіс Қасымбек.

БАҚ өкілдері қала басшысына бірде-бір сұрақ қоя алмады – ол бірінші сессиядан кейін журналистерге залға кіруге тыйым салынған кезде Тоқаевпен бірге форумнан шығып кетті.

Форумның маңыздылығы мен орындылығы туралы оның орынбасары Ерлан Бекмұрзаевпен де сөйлесу мүмкін болмады. Ол панельдік сессиялардың бірін модератор болуы керек еді, бірақ белгісіз себептермен ол орнында болмады.

Форумды өткізу қажеттілігін әкімдіктің баспасөз қызметі түсіндіруге тырысты. Ондағылар іс-шара елордаға инвестиция тартуға мүмкіндік беретінін және қазірдің өзінде өз жемісін бергенін мәлімдеді.

"Жалпы форумды қаржыландыру көлемі – 350 млн теңге. Нусантара және Рабат қалаларымен меморандумдар мен 2 бауырластық келісімге қол қойылды.

Екі меморандумға 180 млрд теңгеден астам сомаға қол қойылды(мектеп, медициналық хаб). Бөлінген қаржы бірнеше есе ақталдыі",-деп хабарлады баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада форумдар өткізуге миллиондар бөлініп жатқанымен, қалалық инфрақұрылым ақша тапшылығына байланысты күрделі жағдайда тұр. Мұны Жеңіс Қасымбектің өзі мойындаған. Ол елордадағы проблемалық мәселелерді шешу қанша қаржы керегін айтуға аузы бармайтынын мәлімдеген еді.