×
546.96
642.73
6.7
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
546.96
642.73
6.7

Ресей Қытаймен визасыз режимге көшеді

Бүгін, 15:03
Ресей Қытаймен визасыз режимге көшеді
depositphotos.com

Ресей Қытай азаматтарына визасыз режим енгізеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ресей президенті Владимир Путин Қытай азаматтарына визасыз режим енгізілетінін хабарлады. Бұл туралы ол «Валдай» пікірталас клубының отырысында мәлімдеді.

Айта кетейік, Қытай биыл 15 қыркүйектен бастап Ресей азаматтарына тәжірибе ретінде бір жылдық визасыз режим енгізген болатын. Қарапайым шетелдік төлқұжаты бар ресейліктер Қытайға бизнес немесе туризм мақсатында, сондай-ақ туыстары мен достарына қонаққа бара алады. Бұдан бөлек, екі ел азаматтарына 30 күнге дейін визасыз сапар шегуге мүмкіндік берілді.

Бұл шешім қыркүйек айының басында Путиннің Бейжіңге сапары кезінде жарияланған еді. Сол кезде Ресей басшысы Қытай тарапының шешімін «күтпеген жағымды жаңалық» деп атап, Мәскеу де дәл осындай қадам жасайтынын айтқан болатын.

Серіктес жаңалықтары