 
                    Үстірт қорығында сирек кездесетін итаю видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
24-27 қазан күндері аралығында қорғау бөлімінің мемлекеттік инспекторы Айтуов, механик Есдаулетов және инспектор-жүргізуші Туленбаев Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының аумағында рейд жұмыстарын жүргізді.
Рейд барысында Қазақстанда өте сирек кездесетін жыртқыш сүтқоректі — итаю (Mellivora capensis) бейнежазбаға түсірілді.
БҰҒАН ДЕЙІН
Бұған дейін, 2024 жылдың желтоқсан айында, қорықтың аға ғылыми қызметкері Пулатов итаюды суретке түсірген болатын.
ИТАЮ
Айта кетейік, итаю (лат. Mellivora capensis) — сусарлар тұқымдасына жататын жыртқыш сүтқоректі жануар. Қазақстанда негізінен Оңтүстік және Оңтүстік-Батыс Үстірт, соның ішінде Батыс Үстірт құмдары мен Қарынжарық ойысында кездеседі. Түрікменстан, Иран сияқты елдерде де мекендейді. 1983 жылдан бастап тіркелген саны өте аз — Қазақстанда саны бірнеше ондықтан аспауы мүмкін.
 
            
             
            
             
            
            