×
518.19
597.32
6.43
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
518.19
597.32
6.43

Жұманғарин Қазақстаннан Арменияға неге тікелей рейстер жоғын түсіндірді

Жұманғарин Қазақстаннан Арменияға неге тікелей рейстер жоғын түсіндірді
ЖИ / ulysmedia.kz

Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Қазақстаннан Арменияға неге тікелей рейстер жоғын түсіндірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ 

Жұманғариннің сөзінше, Армения әуежайында тарифтер жоғары. 

- Қазір бір адамға 65 доллар. Бір тонна әуе керасині үшін 1248 доллар алады. Қымбат. Сондықтан болашақта қалай боларын талқылап жатырмыз, дейді Жұманғарин Ақорда кулуарында. 

ЛОГИСТИКА

Сонымен қатар, Серік Жұманғарин екі ел арасындағы логистика бағыты әзірге дамымағанын айтады. 

- Қазір тек Әзербайжан арқылы жол ашылған, дейді министр. 

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін қазақстандықтар Арменияға жеке куәлікпен бара алатыны хабарланған болатын. 2 қазанда сенат Қазақстан мен Армения арасындағы азаматтардың сапарлары мен олардың елде болу тәртібі, сондай-ақ көші-қон саласындағы ынтымақтастық жөніндегі екі келісімді ратификациялады.

Серіктес жаңалықтары