×
519.98
600.06
6.6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
519.98
600.06
6.6

Маңғыстауда ерекше дала жануарлары фототұзаққа түсіп қалды

Бүгін, 09:23
Маңғыстауда ерекше дала жануарлары фототұзаққа түсіп қалды
Ашық дереккөзден

«Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің қызметкерлері ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда дала жануарларын фотоқақпанға түсіріп алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Lada.kz мәліметінше, 2021 жылы алғаш рет орнатылған бейнекамералар мен фотокамералар далада мекендейтін аң-құстарды тіркеп отырады. Парктің қызметкерлері де қолдарына камера алып, жануарларды кадрға түсіру мүмкіндігін жібермейді.

Бір қарағанда қатал әрі тыныш көрінетін дала – талай жануардың мекені. Мұнда сақ жүретін киіктерді, дала түлкілерін, аспанда қалықтаған сирек құстарды кезіктіруге болады.

Сондай-ақ сұлу кербұғылар, шапшаң қосаяқтар мен қояндар, тас ұларлар, алып бүркіттер және далада еркін жүретін, үй мысықтарына ұқсас әрі мүлде ұқсамайтын жабайы мысықтар кездеседі.

Серіктес жаңалықтары