Ulysmedia.kz аптаның маңызды оқиғаларын шолып өтті. Жұмыс аптасында селк еткізер оқиғалар аз болмады.
Екі апта болды қарғын судың кесірінен қыр қазағы үрей құшағында. Он екі облыста төтенше жағдай жарияланды. Қызыл судың қауіпі әлі сейілген жоқ. Дәл қазіргі жағдай қандай? Тасқын су кезінде қырылған малдың өтемақысы төлене ме? Жалпы, билік су тасқынынан зардап шеккендерге қандай қолдау көрсетпек?
Ал қызметіне сай емес деп ескерту берген шенеуніктерді Тоқаев кетіре ала ма?
Үй күйсіз қалған халыққа олигархтар неліктен барынша қол созбай жатыр?
Тіпті халықаралық экономикалық форум да өтпейтін болды.
Айтпақшы, Сенат тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жазаны күшейтетін заң жобасын мақұлдады. Енді оған президент қол қоюы керек. Белсенділер тобы бұл заңға «Салтанат заңы» деп ат қойды.
Ал қоғам арасында “ата-аналардан балаларды тартып алу жеңілдейді” деген ақпарат тарап жатыр.
Астанада экс-министр Қуандық Бишімбаевтың іс бойынша сот процесі жалғасып жатыр. Жалпы бұл сотта «элитаның» деңгейі, өресі әшкереленді. Ел үмітпен қарап отырған Үкіметте қандай адамдар жүретіні әйгіленді. Қазақ билігінің беті ашылды. Оны көрген, оған үңілген халық түңіліп кетті. Үрей мен үмітсіздік бойды билеп алды.
Шолудың толық нұсқасын YouTube арнамыздан көріп, бөлісе отырыңыздар.