Ар ма, ағайын! Аптаның ең айшықты деген оқиғаларын өздеріңізге жеткізуге дайынбыз. Ендеше, назар сізден, талдау бізден болсын! «Ұлыс медиа» қатарына қосылып, лайк басып, пікір қалдыруды да ұмытпаңыз. Алдымен, аңдатпа:
Қазақстанда жанар-жағармай бағасы өседі. Министр Сәтқалиев бұл - жылда болатын құбылыс деп алаңсыз.
Есесіне, банктердің енді беретін несиелік мөлшері 10%-ға болса да арзандай түспек. Ұлттық банк қабылдаған шешім, тамызда күшіне енбек.
Бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың ісі Астана сотына түсті.
Әділет министрі болған Марат Бекетаевтың сотын жұрт тікелей эфирде өтсін деп талап етуде.
Трампты өлтіруге Иран билігі тапсырыс беруі мүмкін. АҚШ барлау қызметі тексеруге кіріскен. Трамптың өзі болса, жараланған құлағын орап алып, ресми кандидат ретіндегі турнесін бастап кетті.
Би үшін қылмыстық іс. Желіде ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәлімдемесі талқыланып жатыр.
Нұртас Адамбай Путин мен Ринат Зайытовтан кешірім сұрап әлек.
“Қазақфильмнен” тағы шу шықты, ал абақтыда отырған журналист Думан Мұхамедкәрім ауруханаға түсті.
Бәрін тарқатып айтып береміз. Бізбен бірге болыңыздар.