Ulysmedia.kz аптаның айшықты оқиғаларының шолу жасады.
Қазақстандағы қаржы секторын елеулі өзгерістер күтіп тұр. Бірақ Тоқаевтың тапсырмасын жүзеге асыруға Үкіметтің қауқары жете ме?
Халыққа нанға берілген ақша тек нанға жұмсалуы керек. Ол үшін арнайы әлеуметтік әмиян жүйесі іске қосылады. Енді АСП сынды ақшалар картаға түспейді. Тойға апарып, кафеге жұмсау деген болмайды.
АЭС бойынша референдум 6 қазанда өтетін болды. Тоқаев энергия өндірудің бұл түріне қолдау білдіріп, Қазақстан «энергия көзінің сенімді де экологиялық таза түріне» мұқтаж екенін мәлімдеді.
20 жылдам астам үздіксіз елші болып отырған Нұртай Әбіқаевтың ұлы қызметінен босатылды. Мұнымен қоса, Қайрат Мәмидің күйеу баласы Асқар Жұмағалиев те елшілік лауазымынан айырылды.
Соңғы 4 жылдың ішінде карьерасы күрт өсіп шыға келген жаңа министрі кім? Қазақстанда қарапайым дене шынықтыру мұғалімі яғни физруктың министр болып көтерілуі мүмкін бе?
Мектептегі әлімжеттіктің кесірі: Ақтөбеде 9-сынып оқушысы мектептепстерінің қолына өлді? Ағарту министрі Ғани Бисембаев неге үнсіз?
Парламенттегі харассмент. “Ақ жол” партиясынан шыққан былық нені меңзейді? Асқар Садықовтың бұлай қудалануына депутаттық сауал себеп болуы мүмкін бе? Ал Перуашев не қарап жүр?
Бәрін тарқатып айтып береміз, Ұлысқа жазылып, бізбен бірге болыңыздар.