Ел аузында әлі Талғар трагедиясы. 16 жастағы Шерзаттың өлімі бойынша куәгерлерден жауап алынуда. Алматы облысы бойынша шенділерді тазарту жұмысы басталып кетті. Енді бір сұрақ - “Хуторлықтар” деген қылмыстық топтың басында тұрған Асхат Гумплин деген кім? Оған прокурор Саян Бәкіровтің қандай қатысы бар? Бір қызығы, прокурор Бәкіров мырза қызметтік мансабын Болат Назарбаевтың көлік жүргізушісі қызметінен бастаған екен.
Халықтың құқық қорғау органдарына деген сенім неліктен төмен? Ұйымдасқан қылмыстық топ деген Қазақстанда расымен тіркелмей ме? Заңгер Мұрат Адамға сұрау салдық.
Жанар-жағармайдың шекті бағасын алып тастау туралы шешім қабылданды. Енді мұның арты бензин бағасының қымбаттауына әкелсе халық тағы қымбатшылықтың астында қалмай ма?
«Пәтерде жылу жоқ, тоңып қалдық» деген Ақтау тұрғындарының алдына неге әкім келмей отыр? Ал екі апта бұрын Маңғыстау облысының басшысы Нұрдәулет Қилыбай Үкіметте “бәрін реттедік” деп премьер-министр Олжас бектеновке өтірік айтуы - шенеуніктің басынғаны ма әлде жағдайдан беймәлім болғаны ма?
Ауыл шарушылығы министрі Айдарбек Сапаров отставкаға беруге дайын ба? Антикор Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Дархан Әбдікәрімовтың үстінен қылмыстық іс қозғаған. Жаңа қызмкетке келгеніне жарты жыл да толмаған басшы пара алыпты.
7 жылға сотталған Думан Мұхаммедкәрім түрмеден хат жолдады. Онда журналист құқығы тағы бұзылып жатқанын ашық айтқан.
«Хизмет» қозғалысынның негізін қалаған, Ердоғанның басты жауы Фетхуллах Гюлен қайтыс болды. Оның Қазақстанға, Назарбаевқа қатысы қанша? Жалпы саны 32-ге жеткен қазақ-түрік лицейі соның арқасында ашылғаны рас па?
Ақордадан медаль жауған күн. 25 қазан – Республика күні қарсаңында Қасым-Жомарт Тоқаев осымен 3-ші жыл қатарынан мелекеттік награда таратуда. Арасында шын лайығы да, жұрт «бұған неге берілді?» деп жатқандары да бар.
Бәрін тарқатып айтып береміз. Ұлысқа жазылып, бізбен бірге болыңыздар.