×
502.47
525.83
5.68
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
502.47
525.83
5.68

Трамп Украинаны қалай сатты? Тоқаевтың “Қазақмысқа әлі жете ме? Миллионер блогерлер – Ұлыс апта

Бүгін, 19:01

Ulysmedia.kz порталы оқырман назарына аптаның айшықты оқиғаларының шолуын ұсынады.

Ұлыс аптада қандай мәселелер қамтылды:

Қазақстанда кен емес, кенші қалмайын деп тұр. Жезқазғанда тағы 7 кенші қаза болды. «Қазақмысты» тезге салатын уақыт келген жоқ па? Ресми құрылтайшылары – Владимир Ким мен Эдуард Огай кешірім сұрап, неге елдің алдына шықпайды? Назарбаевқа бизнес джет алып, ең бай адамдар деп аталған “Қазақмыс” неге бұлайша қазақты басынып алды?  

Салық комитеті блогерлер мен әншілердің  ізіне түскен сияқты. Олигархтар жаппаған бюджет тапшылығын енді кім жабады? Ал салықшылар енді қарапайым жұрттың да каспи картасындағы транзакциян тексереді. 

Сол жағалаудағы ауыс-түйістің жалғасы. Шығыс Қазақстанға Нұрымбет Сақтағанов, ал Абай облысына Берік Уәли әкім енді. Журналисттің әкім болғаны жақсылық па? Саясаттанушы Санжар Боқаев не дейді?

Уақытша ұстау абақтысы емес, құдды санаторийда жатқандай. Шерзатты өлтірген күдіктілердің бір торда жатып, торт жеп, алиса қосып, телефон ұстап, туған күн пати жасауы не деген бассыздық? Тоқаевтың бақылауында тұрған бұл резонанстық істі қадағалауға полицияның қауқары жоқ па? Шерзаттың адвокаттарын жаздық.
 
АҚШ президенті Еуропаны ренжітіп, келіссөзден қалыс қалдық деген Зеленскийді «клоун диктатор» деп атады. Украина қауіпсіздікке кепілдік беруді талап етіп жатыр. Ал Путиннің көңілі жай, Трамппен жүзбе-жүз кездесуге дайын. тура үш жылға созылған соғысты тоқтатуға АҚШ-тың талпынысы шайқасты өшіре ме әлде өсіре ме? Қоғам белсендісі Арман Шораев пен саясаттанушы Дос Көшіммен сұхбат құрып, осы мәселені талқыладық.