×
516.01
582.47
6.26
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
516.01
582.47
6.26

Сара Назарбаева ауыр халде, Азияда тағы қақтығыс һәм жаңа Рим папасы кім

11.05.2025, 21:38

Ulysmedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы апта қорытындысын ұсынады.

Дәстүрге сай біз апта ішінде елдің назарына ілінген басты жаңалықтарды шолып шықтық.

Экс-президенттің зайыбы, Қазақстанның тұңғыш ханымы Сара Алпысқызы саясат сахнасында қандай рөл атқарды? Оның қоғамдық өмірдегі орны мен мұрасы қандай?

Астрологқа 200 мың доллар берген

Қаңтар оқиғасына байланысты сотталған ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовке қатысты жаңа дерек жарияланды. Билік элитасы арасындағы тылсым күшке сенім қайдан бастау алды? Назарбаев әулеті бұл үрдістің алғышарты болды ма? Жуырда балгермен билеп жүрген Әлия Назарбаева мен дәрігер емес, балгерге жүгінген Қуандық Бишімбаев — осының көрінісі.

Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс

Пәкістан билігі Үндістанға қарсы кең ауқымды әскери операция басталғанын хабарлады. Әзірге операцияның нақты бағыт-бағдары белгісіз. Ядролық қаруы бар қос мемлекеттің қақтығысы Орталық Азия мен әлемге қандай қауіп төндіреді?

Жаңа Рим Папасы сайланды

Алғаш рет Киелі Петр тағынан АҚШ азаматы көрінді. Бұл таңдау Трамптың ықпалымен байланысты ма? 

Осы және өзге де тақырыптарды қаузаған шолуымыздың толық нұсқасын порталдың YouTube арнасынан көре аласыздар.

Серіктес жаңалықтары