×
511.92
588.91
6.44
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
511.92
588.91
6.44

Соғыс, демократия және Қазақстанның болашағы жайлы – украин саясаттанушысымен сұхбат

13.06.2025, 08:58

Саясаттанушы Андрей Бузаров Ulysmedia.kz бас редакторы Самал Ибраеваға эксклюзивті сұхбат беріп, Қазақстанның дипломатиялық басымдықтары жөнінде пайым-пікірін айтты. Киевтегі Қазақстанның елшілігінің жұмысына баға берді.

Оның айтуынша, Қазақстан, әсіресе стратегиялық тұрғыдан маңызды өңірлерге елші тағайындауда әрдайым ерекше мұқият.

«Мен Қазақстанда талай рет болдым – Астанада, Алматыда, Шымкент пен Семейде. Қазақстан – өркениеттер тоғысқан ел екенін әр барған сайын сезінемін. Мұнда өңірлік сын-қатерлерді өте нәзік қабылдайды», – деді Бузаров.

Сарапшы жуырда Украинадағы Қазақстанның жаңа елшісі Төлежан Барлыбаевпен кездескенін де атап өтті. Оның сөзінше, сол тұста мазмұнды әрі конструктивті сұхбат болған.

«Елшілік ұжымы болып жатқан жайттарды дұрыс қабылдай біледі. Олар белсенді, әрі кез келген сын-қатерге сауатты жауап бере алады. Бұған дейін Дархан Кәлетаевпен де, Самат Ардабаевпен де бірлесіп жұмыс істедім – екеуінің де жағдайды терең түсіну деңгейі жоғары екенін байқағанмын», – деп бөлісті ол.

Бузаровтың айтуынша, алдағы уақытта Қазақстан мен Украина арасындағы байланыс, әсіресе мәдени және экономикалық бағыттарда, нығая түспек.

«Украина мен Қазақстан арасындағы алмасу барған сайын қарқын алады деп үміттенемін. Ынтымақтастыққа деген қызығушылық бар, екі тарап та жағдайды жақсы түсінеді» – деді ол.

Саясаттанушының пайымынша, Украина мен Қазақстан сияқты түрлі өркениеттер тоғысындағы елдер жаһандық тәртіптің өзгерістеріне ерекше сезімтал келеді. Сондықтан да олардың дипломатиясы өңірлік тұрақтылықты сақтауда барған сайын маңызды рөл атқарып отыр.

Серіктес жаңалықтары