×
544.87
639.02
6.88
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
544.87
639.02
6.88

Кеңестік идеология исламнан неге қорықты, шала қазақтар қайда жүр - тарихшымен сұхбат

Бүгін, 19:01

"Шала қазақ" деген кім? Ислам Орталық Азияға қалай келді? Неге біз өз тарихымызды білмейміз? Идеология оқулық мазмұнына қалай әсер етеді?

Осы және өзге де сұрақтарға Орталық Азия тарихын зерттейтін PhD доктор, тарихшы Нұрлан Қабдылхақ жауап берді. Ол Алтын Орда туралы оқулықтарда жазуға қорқатын шындықты ашық айтады.

Сұхбат барысында тарихты саясат қалай пайдаланатынын, бұрынғы қазақтардың болмысын, қандай тілде жазғанын, "шала қазақ” ұғымының қайдан шыққанын түсіндіріп, өткенді тану болашаққа бағыт сілтейтінін айтты.

Нұрлан Қабдылхақ — АҚШ-тың Солтүстік Каролина университетінің (Чапел-Хилл) тарих факультетін бітірген, PhD доктор. Орталық Азия мен Ресей империясының тарихын зерттейді. XIX ғасырдағы Қазақстандағы ислам институттары туралы диссертация қорғаған. Зерттеулері қытай, араб, парсы және ұйғыр тілдеріндегі түпнұсқа деректерге негізделген.

Мектепте тарихты романтика деп қабылдап, бастапқыда тарихшы болғысы келмеген. Халықаралық қатынастарды оқыған. Алайда Жапония университетінде оқып жүргенде Азия елдерінен келген студенттердің әртүрлі тарихи көзқарастары оны ойландырып, тарих ғылымына бет бұрған. АҚШ-та оқып, Назарбаев университетінде сабақ берген. Қазір Солтүстік Каролина университетінде жұмыс істеу үшін АҚШ-қа көшуге дайындалып жүр.

Сұқбаттың толық нұсқасын Ulysmedia YouTube-арнасынан көруге болады. 

Серіктес жаңалықтары