×
544.87
639.02
6.88
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
544.87
639.02
6.88

Әлиев Путинге шүйлікті, Перизат “крышасын” айтпады, Жыланбаевтың жағдайы нашар - Ұлыс апта

Бүгін, 21:40

Ulysmedia.kz аптаның басты саяси оқиғаларын қорытындылайды. 

Перизат Қайратты 10 жылға, шешесі Ғайни Алашбаеваны 7 жылға сотталды. 1,5 млрд шығынды өтейді. Бірақ бас-аяғы 11 күнге созылған сот процесі мен қолды болған қыруар қаржыға қатысты қоғамда жауапсыз сұрақтар сол күйі ашық қалып отыр. Перизат Қайраттың артында кім тұр? Сот процесі неге жартылай жабық өтті? Оның қандай саяси астары бар? Сарапшымен тілдестік.

Ал елді 30 жыл билеген Назарбаев әлемнің ең бай көшбасшылар қатарына енді. АҚШ президееті Тармп өмір бойы бизнеспен айналысса, 30 жыл президент, яғни мемлекеттік қызметте болған Нұрсұлтан Назарбаев қалай байыды?

Қазақты қорлаған тағы бір блогер қамалды. Түгел ұлтқа, күллі мұсылмандарға тіл тигізген “аугсутова” деген кім? Оны біз неге кешіру керекпіз? Қазақтарды кім  кешіріп еді. Бұл жерде Қайрат Нұртастың әкесі орынды мәлімдеме жасады. 

Бағанашылдағы балалар үйіне тиесілі 2,5 мың гектар жер — біреудің көз жасы, енді біреудің көз құрты. Жетімдерді тұрып жатқан жерінен күштеп шығармақ болғандар жазалана ма? Бұл драманың авторлары кім? Мемлекет мүлкіне ауыз салуға оқталған DAMU DEVELOPMENT HOLDING қайдан шықты? 

Жеті жылға сотталған марафоншы Марат Жыланбаевтың жағдайы нашар. Оның ұлы халыққа үндеу жасады.

Серіктес жаңалықтары