Ulysmedia.kz-тің "Ауылға жол" жобасы Қарағанды облысы Шет ауданына жетті.
Шет ауданның жартысына жарық беріп отырған “Шет-Энерго” ЖШС 2016 жылдан бері тиісті қаражатты ала алмай отыр.
Компания басшысы Құрманғазы Әміровтің айтуынша, сегіз жылдан бері жарыққа қажетті құрал-жабдықтарды өздері жөндеп, жұмысшылардың еңбекақысын да жеке қаражаты есебінен төлеп келген.
Бұл мәселе бойынша сотқа шағымданғанымен, сот шешімімен келіспейтінін жеткізді. Себебі “Шет-Энергоны” рейдерлік жолмен тартып алу қауіпі бар екенін айтты.
Жергілікті тұрғындар да өз шағымын айтты. Олардың сөзінше, ауданда әлеуметтік баспаналарды бітпей жатып халыққа таратып жіберген. Сонымен қатар заңсыз карьерлердің қазылуы да тұрғындардың наразылығын тудырып отыр.
Бұл мәселелердің барлығын біздің арнайы репортажымыздан көре аласыздар.
Айтарыңыз бар болса, Ulysmedia редакциясына +7 705 729 9700 нөмірі арқылы хабарласуға болады.
Репортаждың толық нұсқасын Ulysmedia YouTube-арнасынан көруге болады.