×
537.34
623.05
6.65
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
537.34
623.05
6.65

«Хайп іздемедім, адал еңбегіме ақы сұрадым» - кондитер Нұршаттың оқиғасы

Бүгін, 20:31

Qarakoz podcast жобасының бүгінгі қонағы - қазақтың қарапайым келіншегі, екі баланың анасы, кондитер Нұршат.

Жақында тек Қазақстан емес, әлемдік БАҚ -тың назары ауған қызық оқиға болды. Астаналық кондитер Нұршат Ақбергенова танымал блогердің мерекелік кешіне 600 мың теңгелік торт әзірлейді. Бірақ кейіпкердің сөзінше, блогер Әселина Батыр төлеуден бас тартады. Келіспеушіліктің арты соттасуға дейін ұласты. Бұл жағдайға біз қоғамдағы түсініктерді, ұстанымдарды айқындайтын кейс ретінде қарап, Нұршатты студияға шақырып, мән-жайды сұрадық. Себебі қандай жағдай болса да адал еңбек ешқашан құнсызданбауы керек. Адал жұмысты дұрыс бағалау – өскен қоғамның көрінісі. Айтпақшы, 2025 жыл президент Тоқаевтың бастамасымен “еңбек адамы” жылы болып жарияланған болатын. 

Қоғамда кеңінен етек жайған курс сату, тез баю трендтеріне жақсылыққа әкеле ме? Адамның еңбегі неге бағаланбай қалды? 

Елордалық кондитердің уәжін тыңдаңыз, өз пікіріңізді жазыңыз. Мақсатымыз дауды өршіту емес, ой салу, әркім осы оқиғадан өзін түйін жасаса дейміз.

Подкасттың толық нұсқасын Ulysmedia YouTube арнасынан көре аласыздар.

Серіктес жаңалықтары