×
541.19
636.44
6.49
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
541.19
636.44
6.49

Думан Мұхамедкәрім аштық үстінде. Ермегияев түрмеде қалды. Досаев Тоқаевтың қасына келді - Ұлыс апта

Бүгін, 20:29

Ulysmedia.kz аптаның басты оқиғаларын қорытындылайды. Бүгінгі шолудың тақырыптары:

Тағы да әскерде сарбаз қаза болды. 19 жастағы егіздің сыңары Дінмұхаммед Шынарбектің анасы «Баламды өлтіріп, ағашқа іліп кетті» деп зар жылап отыр. Біздің әскер неге осындай сорақылықтарға толы? Жаңа Қорғаныс министрінің қолынан әскерилерді қорғау келмей отыр ма? Қазақстандағы сарбаздардың өліміне неге бір де бір генерал жауапқа тартылмады?

Он жыл түрмеде отырған Талғат Ермегияев түрмеде қалатын болды. Ол кезінде Бас прокурор Қайрат Қожамжаров пен Нұрсұлтан Назарбаевтың «құрбаны болды» дейді. Саяси тапсырыспен абақтыға жабылған Ермегияевтің жағы әділдік іздеп, енді Тоқаевқа жүгініп отыр. 

“Ардақ Назаров отставкаға кетсін” деп ел шулап жатыр. Оны пысқырған Парламент жоқ. Әлде Парламенттің шоуға айналғанын билік өзі қалап отыр ма? 

7 жылға сотталған журналист Думан Мұхаммедкәрім түрмеде аштық жариялады.. Адвокатының айтуынша, оның жағдайы тым нашар.

Бюджет қаржысына төселген гранит тасты зират құлпытасына айналдыру – жемқорлық па, әлде жеке ұрлық па? Осы аптада қоғам белсендісі Санжар Боқаев әлеуметтік желіде нағыз ақпараттық дауыл тудырып, тағы да шенеуніктердің ұрлығын әшкереледі. Салдарынан кім қызметінен кетті? Бұл іске экс-әкім Ерболат Досаевтың қандай қатысы бар? Айтпақшы,  апта соңында Досаев Тоқаевтың  қасына тағайындалды.

Шығарылымның толық нұсқасын YouTube арнамыздан көріңіздер.

Серіктес жаңалықтары