Шетелдік инвестор мен қазақстандық кәсіпкер сот жүйесінің қысымына тап болды.
Екінші жыл қатарынан қазақстандық бизнесмен мен БАӘ-ден келген инвестор соттан әділдік іздеп жүр, алайда әр жолы жаңа кедергілерге кезігуде. Олардың оқиғасы – тек қаржы дауы ғана емес, сонымен қатар, Қазақстанда кәсіпкерлер мен шетелдік серіктестердің құқықтары қалай сақталатыны (немесе бұзылатыны) жайлы айқын мысал.
Мемлекет басшысы бірнеше рет Қазақстандағы инвесторлар заңмен қорғалатынын, ал мемлекет ашықтық пен әділдікке кепілдік беретінін мәлімдеген болатын. Бірақ бұл зерттеудің кейіпкерлері кездесіп отырған шындық “соттардың өздері қысым құралына айналған жағдайда бизнес қауіпсіз бола ала ма?” деген заңды сұрақ тудырады.
Ulysmedia жаңа журналистік зерттеуінде мына мәселелерді егжей-тегжейлі қарастырады:
неге шетелдік инвесторлар қазақстандық соттарға деген сенімін жоғалта бастады?
бір ғана сот процесі елдің инвестициялық тартымдылығына қалай нұқсан келтіруі мүмкін?
осындай жағдайларға қатысты адвокаттар, қоғам белсенділері мен қарапайым азаматтар не дейді?
Бұл материал – екі кәсіпкердің тарихы ғана емес. Бұл – Қазақстандағы бүкіл инвестициялық ахуалдың болашағына қатысты сұрақ.