Сұлтан Насымбаевтың басынан кешіргені күйреген арманның жаңа жолдың бастамасына айнала алатынын көрсететін шынайы оқиға. Ол 17 жасында кәсіби футболшы болу үшін АҚШ-қа аттанған, алайда ауыр жарақат алып, оның спорттық мансабына нүкте қойылды. Бүгінде 25 жастағы Сұлтан әлемдегі ең ірі банктердің бірі — JP Morgan инвестициялық банкінде жұмыс істейді.
Ulysmedia.kz бас редакторы Самал Ибраеваға берген сұқбатында ол:
• арманға айналған футбол мансабының аяқталуын қалай қабылдап, «B жоспарын» қалай тапқанын;
• тамыр-таныссыз және мінсіз ағылшын тілінсіз Уолл-стритке қалай жол ашқанын;
• JP Morgan компаниясындағы жұмыстың көрінбейтін қырларын;
• неге оның түсінігінде патриотизм – география емес, үлес қосу екенін;
• және халықаралық мансапты армандайтын қазақстандық жастар мен елдің болашағын қалай көретіні жайлы айтып берді.
Бұл тәртіп, тәуекел, табыс және түп тамырға оралу туралы шынайы әрі шабыттандыратын әңгіме.
Сұқбаттың толық нұсқасын Ulysmedia-ның YouTube-арнасынан көре аласыз