Ulysmedia.kz аптаның басты саяси оқиғаларын шолып шықты.
«Қазақстанның әр азаматы өзіне ыңғайлы тілде сөйлеуге құқылы» деп мәлімдеді Тоқаев. Президент «Орталық Азия – Ресей» саммитінде орыс тілінің рөлін ерекше атап өтті.
Путин ақыры мойындады. Әзербайжанның жолаушылар ұшағын Ресейдің атып түсіргенін растады. «Өтемақы береміз» деді. Бірақ Әлиев оны кешіре ме?
Жанна Кан мен Динара Сәтжан төңірегіндегі дау. Алматыда ресейлік насихатшы Ситниковті шақырған бұл олигарх әйел мен оны қорғаған тележурналист халықтың ашуын туғызды. Біз шынымен Ресей пропагандасының құлы болып барамыз ба?
Эйр Астана басшысы ауысады. Британ азаматы Питер Фостер кетіп, орнына түркиялық менеджер келеді.
Отыз жылда неге өзіміздің кәсіби басшыларды тәрбиелей алмадық?
Министр Әлназарова — 6 мың долларлық сөмкемен.
Шенеуніктер қарапайым болуға тиіс пе, әлде сән-салтанат — биліктің бөлігі ме?
Қазақ әскерінде тағы өлім. Қазан айында қатарынан екі сарбаз қаза тапты. Әдеттегідей — «өз-өзіне қол жұмсады» дейді. Армиядағы өлім қашан тоқтайды?
Сөз бостандығы мен адам құқығы Варшава төрінде талқыланды. Қазақ халқы ой еркіндігі мен сөз бостандығынан айырылып бара жатқан жоқ па?
Толық нұсқасын Ulysmedia YouTube-арнасынан көріңіздер.