×
538.63
622.23
6.71
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
538.63
622.23
6.71

Ресей пропогандасы, НАТО-ға мүше болу, санкциялар қаупі: Украина елшісімен ЭКСКЛЮЗИВ сұхбат

Бүгін, 20:05

Ulysmedia.kz сайтына берген эксклюзивті сұхбатында Украина Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Виктор Майко Киевтің Мәскеумен ымыраға келмейтінін және өз аумақтарынан бас тартпайтынын түсіндірді.

Бас редактор Самал Ибраевамен сұхбат барысында дипломат ашық түрде келесі мәселелерге тоқталды:

  • Ресейдің шарттарымен бейбітшілік орнату мүмкін емес екенін және соғыстың құны туралы;
  • Қазақстан мен Орталық Азияның өңірлік және жаһандық қауіпсіздіктің жаңа архитектурасын қалыптастырудағы рөлі;
  • Қазақстан мен Украинаның экономика, логистика, технология және энергетика салаларындағы ынтымақтастық әлеуеті;
  • Қазақстанның өңірдегі көшбасшылығы және саяси күн тәртібін қалыптастыру қабілеті;
  • екінші деңгейлі санкциялар қаупі және компаниялардың беделін қорғау қажеттілігі;
  • қазақстандық журналист Айдос Садықовтың Киевтегі өліміне қатысты тергеу және екі ел прокуратураларының ынтымақтастығы;
  • Украинаның ЕО мен НАТО-ға мүше болу перспективалары;
  • сондай-ақ БҰҰ реформасы, гибридтік соғыс, ақпараттық қауіпсіздік пен ресейлік пропогандаға тойтарыс беру туралы кеңінен айтылды

Бұл сұхбат — Украинаның өз еркіндігін қалай қорғап жатқанын, Қазақстанның стратегиялық серіктеске айналып жатқанын және бүгінгі таңда Орталық Азия елдерінің әлемдік саясаттағы рөлінің артып келе жатқанын көрсетеді.

Сұхбаттың толық нұсқасын  ең өзекті сұрақтар мен шынайы жауаптармен ULYSMEDIA арнасынан көре аласыз.

Серіктес жаңалықтары