×
530.47
613.75
6.56
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
530.47
613.75
6.56

"Кредит алма, білім ал!" Бурхан Адихановпен сұқбат

02.11.2025, 20:51

Бүгінгі ағартушылық сұқбатта — әлемдік білім мен тәжірибені қазақ жастарының дамуына арнап жүрген азамат, Бурхан Адиханов. Ол — «Болашақ» бағдарламасының түлегі, Эдинбург университетінің магистранты, қазіргі таңда АҚШ-та PhD дәрежесіне ғылыми зерттеу жүргізіп жүрген ғалым әрі ADIKHANOV EDUCATION орталығының негізін қалаушы.

 

Сұқбатта талқыланған негізгі тақырыптар:

  • «Болашақ» бағдарламасы және шетелде оқу мүмкіндіктері
  • Ауыл жастары үшін гранттар мен квоталар
  • Ағылшын тілін нөлден бастап үйренудің жолдары
  • Қазақ отбасыларының шетелде оқып, табысқа жеткен оқиғалары
  • Ата-ананың және баланың бірге даму тәжірибесі
  • Қазақстандағы білім сапасы, ҰБТ жүйесі және мамандық таңдау мәселесі
  • Жұмыссыздық пен ақысыз білім алу мүмкіндігі
  • Жасанды интеллект (AI) дәуіріндегі жаңа мамандықтар
  • Қазақ қоғамындағы жауапкершілік пен намыс туралы ойлар
  • Мемлекеттік кадрлық резерв пен ғылымдағы тәжірибе
  • Отбасындағы қазақ тілінің рөлі және т.б.

Бурхан мырза АҚШ пен Ұлыбританияның оқу жүйелерін салыстырып, қазақстандық жастарға нақты кеңес береді:

  • Қалай шетел университеттеріне түсуге болады
  • Эссе мен сұхбатқа дайындық
  • Виза рәсімдеу және отбасымен бірге оқу
  • Қаржыландырудың балама түрлері («Болашақ», ішкі гранттар және университеттік стипендиялар)

Бұл сұқбат – шетелде білім алуға ниетті әр қазаққа арналған мотивация және нұсқаулық.

Серіктес жаңалықтары