×
522.19
606.42
6.47
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
522.19
606.42
6.47

Онлайн кредит берілмей ме – подкаст

Бүгін, 18:18

Ulysmedia.kz қаржылық сауаттылық бағытындағы ағартушылық жобасын бастайды!

Қаржылық сауаттылық – бүгінгі қоғамда әрбір азаматқа қажет басты дағдының бірі. Алайда елімізде бұл бағыттағы мәселелер әлі де өзекті: азаматтар өз құқықтарын, алаяқтар мен мерзімі өткен берешектер жағдайында не істеу керегін білмей жатады.

Осыған байланысты Ulysmedia қаржылық сауаттылықты арттыруға бағытталған ағартушылық подкасттар сериясын бастайды. Жобаның мақсаты – көрермендер мен оқырмандарға өз қаржысын сауатты басқаруға, құқықтарын қорғауға және қиын қаржылық жағдайларда дұрыс шешім қабылдауға көмектесу.

Жаңа шығарылымда біз Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының бастығы Дамиля Байділдаевамен бірге азаматтардың қаржылық қауіпсіздігіне қатысты маңызды мәселелерді талқылаймыз.

Подкаст барысында келесі тақырыптар қозғалады:

  • Егер адамның атына алаяқтық жолмен кредит рәсімделсе, не істеу керек?
  • Берешекті соттан тыс есептен шығару мүмкін бе және қандай негіздерде жүзеге асырылады?
  • Мұндай жағдайларда қандай құжаттар қажет және азаматтар нені білуі тиіс?
  • Мерзімі өткен қарыз бойынша шарттарды қалай өзгертуге болады?
  •  Егер кредитордың шешімі қанағаттандырмаса, қайда жүгінуге болады?
  • Жеке тұлғалардың банкроттық рәсімі қалай өтеді?
  • Қазақстанда енгізіліп жатқан жаңа ұғым – «шешім қабылдау кезеңі» нені білдіреді және ол кімдерге пайдалы?
  • Тұтынушылардың құқықтарын қорғау үшін реттеуші орган қандай шаралар қабылдап жатыр, банктермен микроқаржы ұйымдары бұл бағытта қалай жұмыс істейді?

Алғашқы шығарылымда біз осы және басқа да маңызды сұрақтарға нақты жауап іздеп, қаржылық жүйені түсінікті әрі ашық етуге тырысамыз.

Подкасттың толық нұсқасын Ulysmeda YouTube-арнасынан көріңіздер.

Серіктес жаңалықтары