×
518.66
597.44
6.56
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
518.66
597.44
6.56

Украина жеңілді ме? Назарбаев тоқалына тендер алып берген бе – Ұлыс апта

Бүгін, 18:16
Украина жеңілді ме? Назарбаев тоқалына тендер алып берген бе – Ұлыс апта
Ulysmedia

Ulysmedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы аптаның басты оқиғаларын шолып шықты. Бас редактор Самал Ибраева маңызды тақырыпты көтере отырып, тәуелсіз сарапшылардың пікірі мен көзқарасын ұсынады.

Украина жеңілді ме? Зеленский Донбасс пен Қырымды Ресейдікі деп мойындай ала ма? Бұл елдің ендігі тағдыры не болмақ? Жерінен айырылса, Украина қалай аяққа тұрады? АҚШ пен Қытай ойынын қалай түсінуге болады? Саясаткер Арман Шораевпен сұқбаттастық.

Армения премьер-министрі Пашинян Астанаға не үшін келді? Зангезур дәлізі іске қосылса, Орталық Азияда не өзгереді? Ресейдің ықпалынан қалай да арыла аламыз ба? 

Түркістандағы бір әулетті жалмаған өрт жай ғана оқыс оқиға ма? 9 баланың өліміне кінәлі кім? Биліктің жыл сайынғы рейдтері неге нәтиже бермейді? Бейбіт өмірде бала шағасымен тірідей өртеніп жатқан халықтың мәселесін қалай шешуге болады? Сарапшымен сөйлестік.

«Да вы что?» деп мысқылдаған Қорғаныс министрі ата-аналардың жанайқайын естімеген бе? Сарбаздар өлсе де, неге нақты жауап жоқ. Әскердегі өлімді кім тоқтатады? Генералдардың жауабы неге мардымсыз? Бұл басынғандық па, әлде тәкаппарлық па? 

«Северный Казахпын» деп елді шулатқан ресейшіл блогер 3 жыл 9 айға сотталды. Жаза әділ ме? Ал Тиматиға бойкот жасаған блогерді жазалау дұрыс па? Билік бойкот пен өшпенділікті ажырата ма? Қоғам белсендісі Тоғжан Қожалымен сұқбаттастық.

Назарбаев тоқалының ағасы Айдос Есполов ұсталды. Әйгілі ЭКСПО ісінің шындығы шыға ма? 

Шолудың толық видео нұсқасын Ulysmedia YouTube арнасынан көре аласыздар.

Серіктес жаңалықтары