Журналистерге шабуыл үдеп тұр. Бұл биліктің ойыны ма, әлде Тоқаевқа қарсы диверсия ма? Биылдың өзінде әріптестерімізге бес шабуыл жасалып үлгерген екен. Ал бұл әріптестеріміздің бетін қайтара алмайтынын ескертеміз. Қайта өркениетке қадам басамын деген ел бұқараның сөзін жеткізетін кәсіп иелерінің белін буу керек емес пе?
Сайлауды да назардан шет қалдырмадық. Саяси сүзгіден өткен Сенат һәм Мәжіліс мүйісі. Халықтың мүддесіне сай заң шығарушы органның мүшелеріне кімді ұсынамыз? Кімге дауыс береміз. Жалпы, бұл сайлаудың жаңалықтары өзгерістерге бастай ма? Қандай кемшілігі бар?
Жаңада тіркелген биліктің қолшоқпар партиялары туралы да баяндадық. Ал олар көпшілікке қалай көрінгісі келеді?
Арамыздан шыққан путиншіл депутат Азамат Әбілдаев деген кім? Оның алашшыл “Ақ жол” партиясының депутаты болғаны, тіпті таңғалдырды. Ал онымен пиғылдас, ниеттес 3-4 депутат кімдер болды екен? Бізді толғандырған сауалдың бірі де осы.
Назарбаевтың жүрегі тоқтай жаздады. Бірінші президенттің денсаулығына сер бергізетіндей қандай оқиға әсер етті екен? Өзін қорғайтын заңның алынып тасталғаны жанына батты ма, есімінің нысандардан өшетіні жүрегін ауыртты ма?
Ұлысмедиаға қарсы кибер шабуыл. Қаскөйліктің артында кімдер тұр?