Ulysmedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы аптаның басты оқиғаларын шолып шықты. Бас редактор Самал Ибраева маңызды тақырыпты көтере отырып, тәуелсіз сарапшылардың пікірі мен көзқарасын ұсынады.
Брифинг пе, әлде қойылым ба? Шымкенттің жап-жас әкімі Ғабит Сыздықбеков журналистерге қатысты неге манипуляция жасап отыр? Ал Солтүстік Қазақстан облысының әкімі өтірік айтты. Әкімдер неге әлсіз болып барады? Бұл туралы сарапшы Қазыбек Бейсебаев өз ойын бөлісті.
Қарызға белшесінен батқан ҚТЖ тағы не үшін несие алмақ? Ал оның басшысы қарыз туралы қазақша сұраққа жауап бере алмады. Теміржолға құйылған триллиондар қайда кетіп жатыр?
Халықтың ашуын тудырған марапат. «Үкіметтің ісіне араласпаңдар» деген Еркебұлан Тоқтар «еңбек сіңірген қайраткер» атанатындай не тындырды?
Тіс емдеуге тыйым, көз емдеуге тыйым, үй алуға тыйым? Сонда не қалды? Зейнетақы қорындағы ақшаны пайдалану қиындап барады. Үкіметтің көздегені не? Халықтың ойын білдік, сауалнама жүргіздік.
Ал Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымын реформалауды тағы ұсынды. Судың қадірін түсінбей отырған Орталық Азия елдеріне қандай шешім керек?
Украинада президент сайлауы өтуі мүмкін. Ел халқының тағдыры енді кімнің қолында? АҚШ пен Ресейдің әрекеті Киевті қандай күйге түсірді?
KazTAG-қа қарсы қылмыстық іс қозғалды. Ресейден келген миллиардер Тимур Турлов қазақ журналистеріне неге ренжулі?
Шолудың толық видео нұсқасын Ulysmedia YouTube-арнасынан көре аласыздар.