×
504.76
593.8
6.5
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
504.76
593.8
6.5

Украина елшісі соғыстың зардабы, ымыра шарттары және КТК-ға жасалған шабуыл туралы

Бүгін, 20:33

Украинаның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Виктор Майко Ulysmedia.kz-ке жыл соңында берген эксклюзив сұхбатында ашық әрі мазмұнды әңгіме айтты. Сұхбат елшінің өз бастамасымен жазылды. Әңгіме ресми шеңберден шығып, 2025 жылдың ең өзекті әрі даулы тақырыптарын қамтыды.

Бұл сұхбатта соғыстың бір жылына көз жүгіртіп, бейбіт шешімге бастар мүмкіндіктерді, келіссөз үстеліндегі "қызыл сызықтарды" және Украина мен Орталық Азия үшін ымыраның бағасын сөз етеміз.

Сұхбаттың негізгі тақырыптары:

  • Каспий құбыр желісі консорциумына (КТК) жасалған шабуылдың артында кім тұруы мүмкін және Украинаның неге бұл іске қатысы жоқ екенін ресми түрде мәлімдегені;
  • Қазақстанның стратегиялық инфрақұрылымына жасалған соққы үшін біреу жауап бере ме;
  • мұндай оқиғалардың қайталанбауына кепілдік бар ма;
  • Украинадағы соғыстың экономикаға әсері: елдің ЖІӨ-і өсім көрсетіп отыр;
  • бейбіт келіссөздер, АҚШ пен Трамп әкімшілігінің рөлі, аумақтық ымыралар, Запорожье атом электр станциясы және қауіпсіздік кепілдіктері;
  • неге Украина үшін ымыра болашақтан бас тарту дегенді білдірмейді;
  • Украинада соғысқа қатысып, тұтқынға түскен қазақстандықтар: олардың саны, қазіргі жағдайы және қаза тапқандардың мәйіттері елге қайтарыла ма;
  •  Қазақстанның ұстанымы, бейтарап саясат және Украинамен қарым-қатынастағы дипломатиялық "қызыл сызықтар";
  • гуманитарлық ынтымақтастық, Украинаны қалпына келтіру және соғыстан кейінгі кезеңде қазақстандық бизнес үшін ашылатын мүмкіндіктер.

Бұл – әр нәрсені өз атымен атайтын әңгіме. Соғыс, қорқыныш, аман қалу мен сенім, адам өмірінің құны жайлы сұхбат.

Бүгін Украина үшін басты мәселе қағаз жүзіндегі келісімдер мен ымыралар емес, аумақтық тұтастықты сақтау, егемендік және мемлекеттің өмір сүру құқығын қорғау болып отыр.

Сұхбаттың толық нұсқасын Ulysmedia YouTube-арнасынан көре аласыз.

Серіктес жаңалықтары