×
502.6
589.95
6.5
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
502.6
589.95
6.5

Президент иммунитеті, митингілер және билік: Базарбек қоғамдағы басты алаңдаушылықтарға жауап берді — подкаст

Бүгін, 08:16

Бақытжан Базарбек — соңғы жылдары ең көп талқыланған депутаттардың бірі. Ол Мәжіліске партиялық қолдаусыз, бірмандатты округтен сайланып келді. Билік элиталарымен ашық пікір қайшылығына барып, шенеуніктер мен құрылыс компанияларын сынға алды және қысымға қарамастан ұстанымын өзгерткен жоқ.

Ulysmedia.kz бас редакторы Самал Ибраеваға берген эксклюзив сұқбатта ол алғаш рет жаңа Конституцияны кері шегіну емес, алға жасалған қадам деп санайтынын жан-жақты түсіндірді.

Әңгіме барысында:

  • жаңа Конституция президент өкілетін күшейте ме, елді «авторитарлық кері бұрылыс» күтіп тұр деген рас па?
  • неге «митингілер» және «тегін» деген сөздер алынып тасталды?
  • президент іс жүзінде қол сұғылмайтын тұлғаға айнала ма?
  • не үшін қайта сайлану құқығынсыз 7 жылдық мерзім қажет?
  • әлеуметтік кепілдіктер жойыла ма, президенттікке үміткерлерге мемлекеттік қызмет өтілі не үшін керек?
  • Қазақстан халықаралық құқықтың басымдығын әлсірете ме?
  • жаңа билік орталығы — Халық кеңесі пайда бола ма деген сауалдар талқыланды.

Базарбек жаңа модельді билікті иеленіп алу дәуірін жабуға бағытталған қадам деп бағалайтынын айтып, қоғамдағы негізгі алаңдаушылықтарға — митингіден бастап медицинаға дейін — жауап берді. Сондай-ақ ол алғаш рет саяси жоспарлары, сайлауға ықтимал қатысуы және референдумнан кейінгі болашағы туралы пікір білдірді.

Толық шығарылымды Ulysmedia.kz-тің YouTube арнасынан көруге болады.

Серіктес жаңалықтары