Нақты күдіктісі бар қылмыстық істің он жылдан астам уақыт бойы сиырқұйыршақтанып, еш қозғаусыз жатуын қалыпты жағдай деуге бола ма? Қорғаушысы «күдікті» деп отырған адам қалайша арнайы тексерістен оңай өтіп, мемлекеттік корпорациядан лауазымды қызмет ала алған? Ал осыншама уақытқа созылған сөзбұйдалық үшін кім жауап беруі тиіс? Ulysmedia порталының бас редакторы Самал Ибраеваның Әсел Темірованың қорғаушысы Ілияс Битімбаевпен сұхбаты осы сұрақтар төңірегінде өрбиді.
Әңгіме соңғы жылдардағы ең таңғаларлық қылмыстық істердің бірі туралы болмақ. Іс сонау 2015 жылы тіркелгенімен, әлі күнге дейін сотқа жетпеген.
Сұхбат барысында мынадай өзекті мәселелер талқыланады:
Тергеу амалдарының 11 жылға жуық уақыт бойы тоқтап, аяқсыз қалуына не себеп болды?
Іс материалдарында қазірдің өзінде қандай бұлтартпас айғақтар бар?
Нақты күдікті тұлға бола тұра, тергеу неліктен «қылмыс жасаған адам анықталмады» деген сылтаумен тоқтатылып келген?
Күдікті қалайша арнайы тексерістен сүрінбей өтіп, «Қонаев» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының (ӘКК) құрылымында басқарушы лауазымға тағайындалған?
Күдіктінің өз кінәсін мойындаған сәті түсірілген видео шынымен бар ма және сараптама қорытындысы не дейді?
Бас прокуратураға қандай арыз-шағымдар жолданды және қорғаушы тарап қазір не нәрсені талап етіп отыр?
Бұл сұхбат біреуге үкім кесуді көздемейді. Ондағы басты мақсат – сот әділдігі тетіктерінің қаншалықты пәрменді жұмыс істеп жатқанын, жәбірленушілердің құқықтары қалай қорғалатынын және қоғамда үлкен резонанс тудырған қылмыстық істердің он жылдан астам уақыт бойы неліктен құқықтық нүктесі қойылмағанын ортаға салу.
Сұхбаттың толық нұсқасын Ulysmedia.kz YouTube-арнасынан көруге болады.