«Сол жағалаудың» қонағы «Ел болашағы» бастамашыл тобын құрып, қиын күндері Украинаға қазақстандықтар атынан гуманитарлық көмек ұйымдастырған белсенді - Тоғжан Қожалы.
Тоғжан Қожалының «ХАҚ» қозғалысын партия ретінде тіркеуден өткізе алмай жүргеніне біраз болды. Бұған дейін 8 рет құжат тапсырған ол, енді 9-рет тағы да бағын сынап көрмек. Оның айтуынша, саяси ұйымды тіркеуге Кәрім Мәсімов кедергі келтірген. Күні кеше Тоғжан Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың қолынан «Шапағат» медалін алды.
Қаңтар оқиғасынан кейін елде жаңа партия құруға ниетті адамдар көбейді. Ақорда саясатқа жаңа көшбасшылардың араласқанын қалай ма, белсенділер халықтың қолдауына ие болып, билікке жеткендер неге өзгеріп кетеді, бүгінгі әңгімеге осы және өзге де қызықты тақырыптар арқау болды.