×
$
451.05
€
504.95
₽
5.6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
451.05
€
504.95
₽
5.6

Бай мен кедейдің арасы алшақтай ма? Санжар Боқаев сотындағы күтпеген бетбұрыс - Ұлыс апта

Бүгін, 21:30

«Ұлысмедианың» бас редакторы Самал Ибраева аптаның басты саяси оқиғаларын саралап, қоғамды толғандырған өткір мәселелерге тоқталады.

«Ұлысмедианың» бас редакторы Самал Ибраева аптаның басты саяси оқиғаларын саралап, қоғамды толғандырған өткір мәселелерге тоқталады.

Бұл шығарылымда:

ХАЛЫҚТЫ БАЙ МЕН КЕДЕЙГЕ БӨЛУ ҚАНШАЛЫҚТЫ ӘДІЛ?

Үкімет әлеуметтік төлемдерді неге қысқартпақ? Бұл шешім азаматтардың конституциялық құқықтарына қайшы келмей ме? Неге бай одан әрі байып, кедей кедейлене беруі керек?

Мемлекеттің байлығы тек Ұлттық қордағы ақшамен, мұнай қорымен немесе экономикалық өсіммен өлшенбейді. Мемлекеттің ең үлкен байлығы – оның халқы емес пе? Көпбалалы отбасыларды қолдау, халық санын арттыру мемлекеттік саясаттың стратегиялық басымдықтарының бірі болуы тиіс емес пе?

ТОҚАЕВ БҰҰ БАС ХАТШЫСЫ БОЛА МА?

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Біріккен Ұлттар Ұйымын басқаруы мүмкін деген қауесетке қатысты жаңа ақпарат пайда болды. Қазақстан Лана Нусейбенің БҰҰ Бас хатшысы қызметіне кандидатурасын қолдады.

Бұл шешім нені білдіреді? Президенттің басты назары Қазақстанның болашағына бағытталғанын көрсете ме? Халықаралық саясаттағы бұл қадамның мәнін талдаймыз.

САНЖАР БОҚАЕВ СОТЫНДАҒЫ КҮТПЕГЕН БЕТБҰРЫС

Алматыда қоғам қайраткері Санжар Боқаевқа қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Қоғамда бұл іске қатысты пікірлер екіге жарылды: бірі Боқаевты қолдаса, енді бірі оған тағылған айыптарды алға тартады.

Ал сотта күтпеген жағдай болды. Боқаевтың жеке мобилографы өзіне тағылған айыптарды мойындап, басқа фигуранттарға қарсы айғақ беруге дайын екенін мәлімдеді.

Бұл соттың барысына қалай әсер етеді? Істе қандай жаңа мән-жайлар белгілі болды?

Осы және өзге де маңызды мәселелерді жаңа шығарылымда тарқатып айтамыз.

Шолудың толық нұсқасын Ulysmedia Youtube-арнасынан көріңіздер.