×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Солтүстік Қазақстанды бөлгісі келетіндер, Жетібайда аштық жариялағандар мен қашқан генерал – Ұлысапта

02.04.2023, 20:31

Ulysmedia.kz дәстүр бойынша өтіп бара жатқан аптаны қорытындылайды.

Осы аптада жаңа депутаттар мандатын алып, ант беріп, жұмысына кірісіп кетті. Бірақ осынау процестің өзі ел ішінде біраз талқыға түскен оқиғалармен есте қалды. Кейібірі журналистерден қашса, енді бірі жауап бергісі келмей бұлтақтады. 

Парламент мәжілісі жасақталған соң, үкімет басшысы да қайта тағайындалды. Алда министрлер кабинеті құрылады. Кімдер кетіп, кімдер қалар екен? 

Ал сайлауда өтпей қалған оппозициялық топ “халық парламенті” отырысын өткізді. Олар 9 сәуірде митинг өткізгелі отыр.

Солтүстік Қазақстаннан сепаратистер шықты. Елді екіге бөлеміз дегендер жария салды. Бұған желідегі халық Петропавлды Қызылжарға ауыстырайық деп жар салып, жауап берді.

Батыс өңірінде де тыныш емес. Қымбатшылыққа жұмыссыздық қосылып, ақыры Жетібай кентінің тұрғындары аштық жариялап жұмыс талап етті.

Қаңтар оқиғасына қатысы бар деп айыпталған Алматы полициясының экс-басшысы генерал Серік Күдебаев елден қашып кеткен. Ал  Қайрат Боранбаев 8 жылға бас бостандығынан айырылды.