Ұлыссұхбатқа қонаққа ең жас вице-министр - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Әбілхайыр Тамабекты келді.
Журналист пен шенеунік арасында мемлекетке қайтарылған жерлер, жер иеленуші олигархтармен күрес, саладағы лоббистер, субсидия алып байығандар, шетелдіктерге жердің кетуі туралы ашық әңгіме болды.
Азық-түліктің қымбаттауы, қарапайым шаруалардың жағдайы жайында да жан-жақты деректер айтылды.
Бұдан бөлек, Әбілхайыр Тамабектің жеке өзіне қатысты қызық мәліметтер белгілі болды. Үлкен қызметке келуі, материалдық жағдайы, отбасы, саяси және діни ұстанымы сияқты дүниелерді де әңгімелеп берді,
Бердібек Сапарбаевпен арадағы конфликт, депутаттармен айтыс, тағы да басқа тақырыптарды осы сұхбаттан көріңіздер.