×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Семей орманы өртіндегі жантүршігерлік өлімдер. Сапарбаевпен қоштасу. Сусыз қалған Астана - Ұлысапта

11.06.2023, 23:00

"Ұлыс апта" бағдарламасы көрерменіне кезекті шығарылымын ұсынды. Әңгіменің әлқиссасы - Абай облысындағы алапат өрт!

Cемей орманы отқа оранып, 14 адам ажал құшты. Оқиға орнына ұшып барған Президент Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинды қызметінен босатып, аямай сынады. Абай облысы әкіміне сөгіс жариялады. Отбасы мүшелерінен айырылған азаматтармен кездесіп, кешірім сұрады. 

Елорда сусыз қалды. Қызметтен кеткен вице-премьер, Астананың экс-әкімі Көлгіновты не күтіп тұр? 

Танымал саясаткер, көзі жұмылғанша тақтан түспеген Бердібек Сапарбаев қайтыс болды. Артында не қалды? 

Эйр-Астананың жазалануы. Компанияның артында Назарбаевтың тоқалы тұр деген қауесет рас па? 

1 млрд теңгеге өткізген Астана Халықаралық форумы кімге керек? Не пайда әкелді?

Саяси белсенді Нұржан Әлтаевтың пара алғаны рас па? Әлде, саяси астары бар ма?

Журналист Думан Мұхамедкәрімнің тағдыры не болмақ? Министр Дархан Қыдырәлі тілшінің құқын қорғай ма десек...

Алматыда қаңтар оқиғасына арналған “Стрелять на поражение" кітабының тұсауы кесілді. 

“Өмір - это жизнь” - әскердегі трагедияларға қатысты қорғаныс министрінің жауабы нені меңзейді? 

Аптаны көріңіздер, арнаға жазылып, бөлісіңіздер!