×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Әйелін 18 рет пышақтаған қандықол. Лукашенко мен Назарбаевтың жоспары. Боранбаев бостандыққа шықты ма? - Ұлысапта

02.07.2023, 17:53

Ұлысапта кезекті жеті күнді қорытындылады. Бұл жобада елдегі маңызды оқиғаларға саяси шолу жасалған.

Айталық, сегізінші сайланған Парламенттің бірінші сессиясы ресми түрде жабылды. Депутаттар каникулға кетті.

Лукашенко мен Назарбаев не деп ақылдасып жүр? Экс-президент елдің сыртқы саясатына әлі де араласа ма?

Ал Назарбаев отбасының мүшелері де қудалануы мүмкін бе? Журналистер бұл сұрақты Бас прокурордың орынбасарына қойды.

Алғаш рет елорда күніне отшашу болмайды. Махмұд Қасымбектің ұлы, Астананың әкімі Жеңіс Қасымбек неге сұрақтан басын алып қашты? 

Хан аталған Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының ағалары мемлекеттік тендерге қатыса ма? 

Қазақстанда жыл сайын тұрмыстық зорлық-зомбылықтан 400 әйел қайтыс болады. Өз күйеуінің қолынынан қаза тапқан адвокат Айман Асанованың күйеуіне шыққан үкім елді дүрліктірді. 

Қайрат Боранбаевтың бостандыққа шығуы мүмкін бе? 

Соңғы үш жылда елде жол-көлік оқиғаларының саны 9 пайызға өсті. Оның салдарынан 6,5 мыңнан астам азамат қаза тауып, 55 мыңнан астамы жарақат алған. 

Ресеймен АЭС салудан қандай қауіп-қатер бар? Энергетика саласына реформалар не үшін қажет?

Американың тәуелсіздігіне 247 жыл толып жатыр. Ал Қазақстан билігі журналистерге пәтер сыйлап әлек. Мұның соңы неге алып келуі мүмкін? 

Көріңіздер, жазылыңыздар, ой қосыңыздар.

Серіктес жаңалықтары