Ұлыс апта жобасы көрерменіне ескі де жаңа Қазақстаның ең маңызды жаңалықтарын кезекті рет ұсынады.
Жоба ұжымы көпшілікке пікір білдіріп, шындыққа бір табан жақын болуға шақырады.
Сонымен, “Красавчик зам» Исахов ұсталды, заң талабына сай Шымкенттің әкімі Әйтенов қызметінен кете ме? Әлде, орнында қалудың жолын таба ма?
Жусан банк ескі Қазақстаннан жаңа Қазақстанға өтті. Қалай?
Екінші "Жаңаөзен?": Маралдыдағы қақтығысқа билік неге назар аудармай отыр? Алтынды өлкенің жыры әлі қанша уақытқа жалғасады?
Үкіметке бірде бір сауал жолдамаған депутаттар кімдер? Олардың халықтың мойнындағы масыл деуге бола ма?
Ұлттық пантеондағы 4-ақ орын қалыпты! Олар кімге бұйырады?
Көріңіздер, ой қосыңыздар.