×
468.98
493.74
7.59
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
468.98
493.74
7.59

«Сәндидат» сөзінің сыры неде? Мәсімовтың тағы бір құпиясы ашылды. Билік олигархтардан неге қорқады?

13.11.2022, 21:21
Фото: Ulysmedia.kz

Ұлысаптаның кезекті шығарылымын көрігі қызып тұрған сайлау тақырыбымен бастадық. Кандидаттардың деңгейі қандай? Теледебаттан болашақ президентті көрдік пе, әлде әлеуметтік желінің «белсендісін» көрдік пе? Олардың «сәндидат» деп аталуының сыры неде? Алдымен осы сауалдарға жауап іздедік.
Осы тұста теледебат туралы көпшіліктің де пікіріне назар аудардық. Желідегі саяси сауаты бар дегеннің дені дебат туралы «бірдеңе» деген. Мәселен, Асқар Алтай «Қошановтың бенефисі болды. Асықпай, саспай-ақ айтарын айтып кетті» деп, өзге де олқылықтарды тізеді. Белсенділерді бірі Диас Нұрақын Ең қызығы бәйгеге түсіп жатқан бес үміткерден гөрі араларындағы жалғыз сенімді өкілдің салмағы басым ба деп қалдым. Қошановтың әр сөзі мірдің оғындай» деп бағасын берген. 

Содан соң, кезінде Үкімет басқарған, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасы болған Кәрім Мәсімов Венгрияның да азаматы болып шықты. Оның мойнына тағылған бір айып – «мемлекетке опасыздық жасады» деген, ұрпақ алдында қарабет қылатын кінә емес пе еді. Әлде, ауыр күнә ма? Ал бұл деректі Венгрияның премьер-министрі Виктор Орбан растап отыр. Мәсімов мырзаның отбасы мүшелері де сол елдің азаматтығын алып алған. Әулеттің әу бастағы мақсат-мұраты не болды? Күн туғанда қашып кету ме?

Қарағандыдағы «Арселор» кеншілерді «қырып» жатыр! Ал біздің шенділер олигарх Лакшми Миталлдың сөзін сөйлеп әлек. Ол аз десеңіз, Ақтөбенің әкімі Ералы Тоғжанов та олигарх Машкевичтің алдынан шығып, жалпақтап жүр. Бұған бейнежазба дәлел. Біздің шенеуніктер «халық жауы» ма? Лакшми Миталл, Александр Машкевичтер қазақ жерінде неге тайраңдап жүр? Өзге елде мұрнынан тесіп жетектеген өгіздей бұлтаңдайды. Қазақстанда жалғанды жалпағынан басып жүреді! Біздің билік өзгеге келгенде неге бұға береді? Смайыловтың «Арселорға» «санкциясы» мәселені шеше ме?

Ұлыспатаға Жанболат Мамайдың «жырын» қостық. Жанболат Мамайдың осы аптада сотқа жасаған өтініші жария болды. Салақұлаш құжатта белсенді өзінің ешқандай қылмыс жасамағанын баяндап, дәлелдеуге тырысады. Ол да билікке кінә артып отыр. Сотты әдейі кешеуілдетіп жатыр дейді. Жаны бар ма сөзінің?

Қағажу көрген – қазақ тілі осы аптада бір еңсе көтеріп қалды. Біздің тілді білмейтіндер енді азаматтық ала алмайды! Ұлтшылдық көзқараспен алсақ, дұрыс-ақ. Алайда, бұл шынымен «тіл манипуляциясы», «сайлау алдындағы көзбояушылық» па? Сарапшылар пікірі қалай өрбиді? 
Осы және өзге де тақырыптарды Ұлысаптаның өзегіне айналдырдық.