×
469.17
495.07
7.56
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
469.17
495.07
7.56

Дикий Арман неге жылады? Шамиль Аляутдиновтың беті ашылды, Назарбаевтың күні бітті - Ұлысапта

19.11.2022, 19:35
Фото: Ulysmedia.kz

Осы аптада да Назарбаев және оның айналасындағыларға қатысты жаңалықтар жалғасын тапты. Ескі Қазақстанның еркелері мен серкелерінің бір-екеуінің не істеп жүргенін біліп қалдық. Ал қаңтар көтерілісіне белсене қатысқан аймақтардың бірі – талдықорғандықтар Назарбаевқа қатысты шабуылды бастап кеткен. Олар Назарбаев ескерткішінің орнына Абай ескерткішін орнатпақ. Енді Тұңғыш Президенттің көзі тірісінде қойылған тасмүсіндері көзі тірісінде құлатылуы да ғажап емес.

 

Белгілі заңгер Бақытжан Базарбек Байбек пен Сағынтаевты қылмыстық жауапкершілікке тартуға шақырды. Назарға ілінген екеудің кінәсі не? «Шаруа қожалығы жұмысын жүргізуге арналған» нысаналы мақсаттағы жер учаскелерін тұрғын үй аймағына өзгерткен. Бұл өзгертулердің қарапайым халық үшін жасалмаған. Ол жерлерге ендігі элитаның заулім сарайлары бой көтерді немесе іргетасы қаланып жатыр.

Ал бұрынғы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрінің қамауға алынуы жұртты дүр сілкіндірген еді. Негізі, дүр сілкіндірген оның қамауға алынуы емес, небары он айда жинап алған дүние-мүлкі еді. Экс-вице-министр ұлттық байлықты саудалаудың шеберіне айналғанына таң қалғанбыз. Антикордың мәліметінше, Тоқтабаевтың кесірінен ондаған миллиард теңге бюджетке түспей қалған. Шебер-жемқордың да Назарбаевтар отбасымен “туыстығы” бар екен…

Қаңтар қырғынына қатысты тағы да айтарымыз бар. 7 қаңтар күні тергеу изоляторына жеткізілген Дикий Арман туралы аңыз да, әңгіме де көп. Жақында ол да Мемлекет басшысына бейнеүндеу жолдапты. Әрине, темір тордың арғы жағынан. Ол жаққа смартфон қалай барып жүр. Дикий өзі түрмеде ме, төрде ме?

Украинадағы соғысты қолдайтын ресейлік тұлғаларға біздің қоғамның қарсылығы өршіп тұр. Мәселен, әлеуметтік желідегі сыннан кейін Алматыда ресейлік әнші Полина Гагаринаның концерті өтпейтін болды. Арада көп өтпей, әлеуметтік желіде ресейлік дінтанушы Шәміл Аляутдиновтың Астанадағы форумға қатысуы қызу талқыланып кетті. Оның да Украинадағы соғысты қолдап сөйлеген сөзі хитқа айналған. «Әйгілі» Алекс Лесли келе жатыр еді... Не болды?

Шенеуніктердің айлық жалақысы қазақстандықтарды көптен бері қызықтыратын. Жамаубаев бұл құпияны бұдан әрі жаба алмады, айтып қойды. Сонымен, Смайыловтың жалақысы қанша теңге? Министрлердікі ше?

Ұлысаптада осы сауалдарға жауап іздедік, осы және өзге де маңызды мәселелерді көтердік, апта ішінде болған.