×

«Атырау» футбол клубының жаңа бапкері белгілі болды

«Атырау» футбол клубының баспасөз қызметінің ақпаратынша, қазақстандық маман Қуаныш Қабдолов команданың жаңа бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды Ulyssport.

22.04.2025, 20:20
«Атырау» футбол клубының жаңа бапкері белгілі болды
Әлеуметтік желіден

БАПКЕРЛІК ЖОЛДАҒЫ ТӘЖІРИБЕСІ

37 жастағы Қуаныш Қенжалыұлы 2009-2012 жылдар аралығында «Атырау» жастар командасында бас бапкердің көмекшісі болып жұмыс істеген.
2013 жылы ол «Атырау» футбол орталығының басшысы қызметіне кірісіп, сол жылы 1999 жылы туған жасөспірімдер командасы Қазақстан чемпионатын жеңіп алған болатын.

НЕГІЗГІ КОМАНДАДАҒЫ ҚЫЗМЕТІ

2014 жылдан 2020 жылға дейін Қабдолов «Атырау» клубының негізгі командасында жаттықтырушылар құрамында еңбек етті. Сол кезеңде команда Қазақстан Кубогының финалына екі рет (2017 және 2019) шықты.

БАСҚА КЛУБТАРДАҒЫ ҚЫЗМЕТІ

2021-2022 жылдары ол Түркістанның «Тұран» командасында бас бапкердің көмекшісі қызметін атқарды, кейінірек команданы өзі басқарды. Ал өткен маусымда Қабдолов бас бапкер ретінде «Каспий» командасын Бірінші лигада қола жүлдеге жеткізді. Биылғы жылы ол «Атырау» клубының QJL (жастар лигасы) командаларының үйлестірушісі ретінде жұмыс істеген.

АЛДЫҢҒЫ БАПКЕРДІҢ ОТСТАВКАСЫ

Айта кетейік, кеше ғана «Атырау» клубы Константин Горовенконың отставкаға кеткенін жариялаған болатын. Оның жетекшілігімен команда небәрі алты ойын өткізген еді.

Новости партнеров