×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қазақстан ауған әйелдеріне транзиттік дәліз ұсынды

26.10.2021, 15:29
Қазақстан ауған әйелдеріне транзиттік дәліз ұсынды
фото: ҚР СІМ

Қазақстан ауған әйелдеріне гуманитарлық, транзиттік дәлізбен көмектесті, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Қазақстан Республикасының гуманитарлық саладағы халықаралық міндеттемелеріне бейілділігін негізге ала отырып, мемлекет басшысы ауған әйел судьялары мен парламентшілері және олардың отбасы мүшелері үшін транзиттік дәліз беру туралы шешім қабылдады.

“Транзит үшінші елдерге одан әрі ұшу үшін Алматы қаласының әуежайы арқылы халықаралық үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастықта жүзеге асырылды”, - дейді еліміздің сыртқы істер министрлігі.