×
448.15
483.46
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
448.15
483.46
4.86

Күрестен әлем чемпионатында Жәмила Бақбергенова күміс жүлде алды

08.10.2021, 10:31
фото: ҰОК

Жәмила Бақбергенова күрестен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Норвегияның Осло қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында әйелдер күресінен 72 келі салмақ дәрежесіндегі финалдық кезең аяқталды, дейді olympic.kz. 

Аталған салмақ бойынша финалда белдескен қазақстандық Жәмила Бақбергенова жапондық Масако Фуруитиден жеңіліс тапты. Қорытынды есеп - 0:3.

Бұл Жәмиланың ересектер арасындағы әлем чемпионатында еншілеген алғашқы медалі. Бұған дейін ол 2019 жылы Нұр-Сұлтанда өткен әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін күресіп, тап осы Масакодан 0:2 есебімен ұтылған болатын. 

Ослодағы әлем чемпионатын Қазақстан әйелдер командасы жалғыз медальмен аяқтады. Ал еркін күрес шеберлерінің еншісінде бірде-бір медаль жоқ. 

Серіктес жаңалықтары