×
504.44
545.65
5.95
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
504.44
545.65
5.95

«Басқа дәуірде өмір сүріп жатқандаймыз»: Теміртау тұрғындарының шағымы

30.03.2025, 16:20
«Басқа дәуірде өмір сүріп жатқандаймыз»: Теміртау тұрғындарының шағымы
Видеодан алынған кадр

Қарағанды облысы, Теміртау қаласының оң жағалау шағын ауданы тұрғындары жергілікті шенеуніктер мен депутаттардың әрекетсіздігіне шағымданды. Жергілікті жұрт көпшіліктің өтініші ескерусіз қалатынына, проблемалардң шешілмейтініне наразы, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘСЕЛЕНІҢ МӘЖ-ЖАЙЫ

Тұрғындардың арқасына аяздай батқан мәселенің бірі және негізгісі – сапасыз жол. Қарапайым инфрақұрылымның жоқтығы қарашы жұртты әбден қажытқан. Шағын аудан халқы жыл сайын көктемде мидай езілген көшелерде белшеден батпақ кешіп жүреді.

Біз басқа дәуірде өмір сүріп жатқандаймыз. Езілген батпақ, шалшық су, шұрық тесік жолдар — бұл біз күнде көзбен көріп жүрген картина. Бізді әкімдікте де, мәслихатта да естімейді. Біз «еститін Қазақстан» біздің үнімізді естір деген үмітпен президент Тоқаевтан көмек сұраймыз, - деді жергілікті тұрғындар әлеуметтік желіде жариялаған бейнеүндеуде.

Қала тұрғындары мұндай қадамға баруға мәжбүр болғанын айтты. Халық құр уәде емес, нақты іс-әрекетті күтеді. Олардың сөзіне қарағанда, жоғарғы биліктің назарын осылай аудармаса жылдар бойы қордаланған проблемалар ешқашан шешілмейді, жағдай өзгермейді.