×
518.07
595.21
6.37
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
518.07
595.21
6.37

«Орысша неге жазылмаған»: Лавров Мәңгілік алау алдында өзбек әріптесіне «ескерту» жасады

23.04.2025, 15:18
«Орысша неге жазылмаған»: Лавров Мәңгілік алау алдында өзбек әріптесіне «ескерту» жасады
фото: Алексей Майшев / РИА Новости

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Самарқандағы «Қайғы жамылған ана» мемориалына барған сәтінде онда тек өзбек және ағылшын тілдерінде жазу жазылғанына назар аударған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Лавров бұл жайтты Өзбекстанның Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидовқа айтып өтті.

Қарасам, ағылшынша жазу тұр. Ал орысшасы көрінбейді. Ана – ең қасиетті ұғым, – деді Лавров ТАСС агенттігі келтірген сөзінде.

Сөз болып отырған жазу: "You are always in our heart, my dear", яғни «Сен әрдайым жүрегіміздесің, қымбаттым» деген мағына береді.

Сергей Лавров Өзбекстанда екі күндік сапармен жүр.

Бұған дейін Ресей сыртқы саяси ведомствосы басшысының өзін-өзі анықтау құқығына қатысты айтқан мәлімдемесі үлкен қоғамдық резонанс тудырған болатын. Кейбір сарапшылар бұл сөзді Солтүстік Қазақстанға жасалған астарлы меңзеу ретінде қабылдаған.

Серіктес жаңалықтары