×
510.06
566.32
6.32
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
510.06
566.32
6.32

«Біздің идеологияда проблема жоқ»: Балаева соғысқа кеткен қазақтар жайлы айтты

23.04.2025, 11:15
«Біздің идеологияда проблема жоқ»: Балаева соғысқа кеткен қазақтар жайлы айтты
Ұлысмедиа коллажы

Қазақстанның мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Украинаға соғысқа кетіп жатқан қазақстандықтар жайлы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бізде соғысқа кетуі мүмкін қазақстандықтардың жағдайына алаңдап жазған журналисті полиция ұстап әкетеді (Лұқпан Ахмедяров). Ал Ресейге қарайтын бір бұқаралық ақпарат құралы соғысқа аттанған қазақ жігітті мақтап, емін-еркін насихаттайды (“Спутник Қазақстан” сайты). Бізде не болып жатыр? Осындай кереғарлықты түсіндіріп бере аласыз ба? Идеология жағынан бізде проблема бар деп ойламайсыз ба? – деп сұрады Ulysmedia.kz тілшісі.

БАЛАЕВА НЕ ДЕЙДІ

Бұл сұраққа жауап берген Аида Балаева “ешқандай проблема жоқ” деп жауап берді. Айтуынша, ақпарат кеңістігінде ақпарат ағыны қарқынды жүріп жатқаннан кейін әртүрлі мәлімет тарайды.

“Спутникке (“Спутник Қазақстан”) қатысты айтар болсам осы мәселеге қатысты заңды тұрғыдан өзім жан-жақты қараймын. Шынымен де, бізде ондай пропоганда болмайды. Сондықтан, біз “Спутник” агенттігіне өзіміздің ескертуімізді жібереміз. Міндетті түрде, – деді ол.

Балаева аталған басылым шетелдік БАҚ екенін атап өтті. “Құқықтық саладағы қызметкерлермен нақты талқылаған соң министрлік тарапынан шара қолданамыз” деп уәде берді.

ЛҰҚПАН АХМЕДЬЯРОВТЫҢ ІСІМЕН ТАНЫС ПА

Аида Балаева брифиң барысында сұрақ қойылған. Министр бұл іс “біздің құзіретке кірмейді” деп жауап берді. 

Менің білуімше, ол Астана қаласының ішкі істер департаментінің құзырында. Менің білуімше, нақты адамдардан өтініш түскен, соның аясында тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мұның барлығы заңды тұрғыда жүреді деген сенімдемін. Ол жұмысты өзімізде қадағалап отырамыз, – деді ол.

Аида Балаева кейінгі кезде жалған және провакациялық ақпараттар анонимді телеграм-арналардан тарап жатқанын атап өтті. Мысал ретінде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовтің оқиғасын келтірді. Айтуынша, Берденовті атып кеткен кезде өкінішке қарай кейбір ресми БАҚ-тар расталмаған ақпаратты қолдап кеткенін айтты.

Біз журналистиканың негізгі принциптерін бұзбауымыз керек. Жалпы ешқандай тергеу жұмыстары бітпей ешқандай нәтижені айта алмаймыз. Күдіктінің аты-жөнін, суретін көрсету де резонанс болды. Руслан Берденовтің өзіне де қарсы ақпарат аяусыз болып кетті. “Әйел адамға қырындады” ақпаратты тарату меніңше, ешқандай моральдық тұрғыда сын көтермейді, – дейді ол.

Балаева анонимді телеграм-арналардың жұмысына көбірек көңіл бөлінетінін айтты. Мысалға “Кірсабын” телеграм-арнасын келтірді. “Жұмыстың нәтижесі көрсеткендей, оларды жүргізген адамдарды табуға болады, осы бағытта жұмысты жүргіземіз” деді.

КОНТЕКСТ

"Өмір сүргім келеді" атты украиналық ақпараттық жоба Украина аумағында Ресей әскері қатарында соғысқа қатысқан деген Қазақстанның 661 азаматының тізімін жариялады. 2024 жылдың соңындағы дерекке сәйкес, олардың кемінде 78-і қаза тапқан.

Жоба авторларының айтуынша, ресейліктер "жақын шетелдерден" – Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан мен Қырғызстаннан шыққан мигранттарды соғысқа аттандыру ісімен айналысады.

Серіктес жаңалықтары