×
515.03
584.82
6.24
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
515.03
584.82
6.24

Қазақстаннан қашып кеткен Бергей Рысқалиев желіде бой көрсетті

Бүгін, 09:36
Қазақстаннан қашып кеткен Бергей Рысқалиев желіде бой көрсетті
скриншот

Бұл жолы ол гүлдеген ағаштардың ортасында жүрген видеосын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Видео Рысқалиевтің жеке парақшасында жарияланды. Ол гүлдеген ағаштардың ортасында (сакура болуы мүмкін) жүр. Рысқалиев бірақ қайда жүргенін, қашан түсіргенін білдірерлік түсіндірме жазбаған. Бір қызығы, Рысқалиевті қолдап пікір жазғандар көп.

РЫСҚАЛИЕВ ЖАЙЛЫ

Бергей Рысқалиев 2006-2012 жылдары Атырау қаласы мен Атырау облысының әкімі қызметін атқарған. 2013 жылы экс-әкімге "аса ірі көлемдегі бюджет қаржысын жымқырды және және қылмыстық топ құрды" деген айып тағылған. Тергеу бес жылға созылып, 2019 жылы Қазақстан соты Бергей Рысқалиевті 17 жылға, ағасы Арманжан Рысқалиевті 16 жылға сырттай соттаған. Олардың құны миллиардтаған теңге тұратын дүние-мүлкін тәркілеген.

Алайда 2020 жылы жазда Қазақстан соты Бергей Рысқалиевтің отбасы мен жақындарынан тәркіленген мүліктің "бір бөлігін" қайтару туралы шешім шығарған. Рысқалиевтің мүлкін қайтару туралы кассациялық шағымды Қазақстан Бас прокуратурасы түсіріп, оған Жоғарғы соттың тез келіскені қоғам назарын аударған.

Былтыр әлеуметтік желіге Бергей Рысқалиев пен Аслан Мусиннің Лондонда бірге түскен фотосы жарияланған еді. Суреті қоғам белсендісі Тұрарбек Құсайынов таратқан. Сол тұста бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Бергей Рысқалиевті елге жеткізу әзірге мүмкін емес екенін айтқан еді.

Бұған дейін Бергей Рысқалиевті аңдуға және Лондондағы Қазақстан елшілігінде арандату акциясын өткізу жоспарына Ұлыбританияда сотқа тартылған болгар азаматтарының қатысуы болуы мүмкін деген ақпарат тараған еді. 

Серіктес жаңалықтары